Көгалданған аудан – көрікті мекен

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданымызда абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының қолға алынуы көңіл қуантады. Көшелердің ретке келтіріліп, ағаштар мен гүлдердің отырғызылуы қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырады.

Әсіресе, жасыл желектің көбейгені маңызды. Бүгін отырғызылған әрбір ағаш – ертеңгі ұрпаққа қалатын табиғи мұра. Сондықтан егілген көшеттерге күтім жасап, олардың сақталуына тұрғындар да атсалысуы қажет.

Туған жердің көркеюі үлкен істерден ғана емес, осындай қарапайым жұмыстардан басталады. Бірлесе әрекет етсек, ауданымыздың әр көшесі таза, жасыл әрі жайлы боларына сенім мол.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT