Туған жердің тазалығы мен көркі – әр азаматқа ортақ құндылық. Көгалдандыру жұмыстары тек айналаны әсемдеу емес, сонымен қатар адамдарға жайлы орта қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлықты арттыратын маңызды іс.
Аудан да қоршаған ортаны абаттандыру, ағаштар мен гүлдер отырғызу, аумақтарды көгалдандыру бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Жасыл желек көбейген сайын ауданымыздың ажары ашылып, тұрғындардың демалуы үшін қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе жастардың, тұрғындардың тазалық пен табиғатты қорғау ісіне белсенді араласуы – жақсы бастамалардың бірі.
Көгалдандыру – бүгінгі күннің ғана емес, болашақ ұрпақтың қамын ойлау. Бір отырғызылған ағаш – табиғатқа жасалған үлкен үлес. Сондықтан әрқайсымыз өз ауламыздың, көшелеріміздің тазалығына жауапкершілікпен қарап, жасыл ортаны сақтауға атсалысуымыз қажет.
Көрікті аудан – бірлескен еңбектің нәтижесі. Табиғатты аялап, көгалдандыруға үлес қосу арқылы біз туған жерімізді одан әрі көркейтіп, таза әрі жайлы мекен қалыптастырамыз.


