Ауданның ажары оның тазалығымен ғана емес, жасыл желегімен де ерекшеленеді. Осыған байланысты «Таза Қазақстан» бастамасы аясында көгалдандыру жұмыстарына да ерекше мән беріліп келеді. Ағаш отырғызу, гүл егу және абаттандыру жұмыстары елді мекеннің көркін арттырып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырады.
Көктемгі және күзгі маусымда тұрғындар мен түрлі мекеме қызметкерлері көшеттер отырғызып, олардың күтіміне көңіл бөледі. Жасыл желек ауаны тазартып, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Бір тал отырғызудың өзі – табиғатқа жасалған үлкен қамқорлық. Ал оны күтіп-баптау – тұрақты жауапкершілікті талап етеді.
Көгалдандыру жұмысы тек арнайы шара кезінде ғана емес, күнделікті жалғасуы керек. Әр тұрғын бір тал егіп, оны қорғауға үлес қосса, ауданымыз жылдан жылға көркейе түседі. Табиғатты аялау – туған жерді құрметтеудің жарқын көрінісі.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ


