Көгалдандыру – көрікті қала емес, саналы қоғам белгісі

Ағашы жайқалған, ауасы таза, айналасы көркем мекен әр адамға жағымды әсер сыйлайды. Көгалдандыру – тек көшелерге гүл егіп, ағаш отырғызу ғана емес, ол адамның табиғатқа деген көзқарасын көрсететін маңызды іс. Қоршаған ортаға қамқорлық жасаған қоғамның болашағы да жарқын болады.

Менің ойымша, көгалдандыру – бір күндік жұмыс емес, тұрақты жауапкершілікті қажет ететін маңызды бағыт. Бір отырғызылған талдың өзі бірнеше жылдан кейін үлкен пайдасын береді: ауаны тазартады, көлеңке сыйлайды, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Сондықтан әрбір егілген көшет – келешекке жасалған жақсы қадам.

Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді абаттандыруға және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Осындай жұмыстарға қатысу арқылы адамдар тек айналаны тазалап қана қоймай, туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Көгалдандыруға үлес қосу – үлкен өзгерістердің бастауы.

Көгалдандыру – табиғатты қорғаудың тиімді жолдарының бірі. Әдемі әрі жасыл Қазақстан құру тек арнайы қызметтердің емес, барша азаматтардың қолында. Бүгін отырғызылған әрбір ағаш – ертеңгі ұрпаққа қалатын таза әрі көркем ортаның кепілі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT