Көгалдандыру – аудан көркі

Ауданымыздың көркейіп, жасыл желекке бөленуі – барлығымызға ортақ қуаныш. «Таза Қазақстан» аясындағы көгалдандыру жұмыстары осы бағытта үлкен маңызға ие деп ойлаймын. Ағаш отырғызу, гүл егу, саябақтар мен аулаларды абаттандыру арқылы тұрғындарға жайлы орта қалыптасады.

Бір отырғызылған талдың пайдасын бірден көрмеуіміз мүмкін, алайда оның болашақта беретін көлеңкесі мен таза ауасы өте маңызды. Сондықтан көгалдандыруды тек сыртқы көріністі жақсарту деп қабылдамаған жөн.

Бұл – табиғатты қорғауға және келешек ұрпаққа қолайлы орта қалдыруға бағытталған жұмыс. Әсіресе жастардың ағаш отырғызу шараларына белсенді қатысуы көңіл қуантады. Әр адам өз ауласына бір тал отырғызса, ауданымыздың табиғаты да біртіндеп өзгереді. Жасыл аудан – жайлы аудан деп есептеймін.

Г.Сәдуақас

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT