Қауіпсіз цифрлық орта қалыптастырайық

Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілер жастардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық кеңістіктің мүмкіндіктерімен қатар кибербуллинг сияқты келеңсіз құбылыстар да кездеседі. Кибербуллинг – адамды интернет арқылы қорлау, кемсіту, қорқыту немесе әдейі психологиялық қысым көрсету.

Мұндай әрекет адамның көңіл күйіне, өзіне деген сеніміне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан интернеттегі қарым-қатынаста әдеп пен жауапкершілікті сақтау өте маңызды. Әрбір жазылған пікірдің артында нақты адам тұрғанын ұмытпауымыз керек.

Кибербуллингке тап болған жағдайда мәселені жалғыз шешуге тырыспай, ата-анаға, мұғалімге немесе сенімді ересек адамға айту қажет. Қорлау фактілерін сақтап, қажет болған жағдайда тиісті мамандарға жүгінген жөн.

Қауіпсіз интернет ортасын қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Бір-бірімізге құрметпен қарап, жауапты цифрлық мәдениетті қалыптастырайық.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT