Заң мен тәртіп ең алдымен адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Ал қауіпсіздік отбасынан басталады деп есептеймін.
Отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністік қоғамдағы тұрақтылыққа да әсер етеді. Әр адам жақындарының құқығын құрметтеп, қандай да бір қиын жағдай туындаса, мәселені күш қолданбай, заң аясында шешуге ұмтылғаны дұрыс. Отбасындағы қауіпсіздікке қатысты түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі де маңызды.
Тыныш отбасы – тыныш қоғамның негізі. Сондықтан бір-бірімізді құрметтеп, заң талаптарын сақтап, отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауымыз қажет.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ


