Қауіпсіз орта – халықтың ортақ мүддесі

Тұрғындардың алаңсыз өмір сүруі үшін қоғамдық қауіпсіздікке ерекше мән беру қажет. Қауіпсіз орта дегеніміз – тек көшелердегі тәртіп емес, аулалардағы, қоғамдық орындардағы және тұрғындар күнделікті болатын барлық ортадағы қауіпсіздік.

Аудан көлемінде жарықтандырылмаған көшелер мен аулаларға, балалар алаңдарының қауіпсіздігіне, қоғамдық орындардағы тәртіпке назар аудару маңызды. Сонымен қатар интернеттегі алаяқтықтан сақтану, бөтен адамдарға жеке мәліметтерді бермеу, күмәнді жағдайларға дер кезінде мән беру де қазіргі кездегі қауіпсіздіктің бір бөлігі.

Әр тұрғын өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, айналасындағылардың да тыныштығын құрметтегенде ғана берік қоғамдық тәртіп қалыптасады. Қауіпсіз аудан – бір мекеменің емес, бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT