Қауіпсіз интернет – саналы қоғам белгісі

Қазіргі таңда интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформалар адамдарға байланыс орнатуға мүмкіндік бергенімен, оның жауапкершілігін де ұмытпауымыз қажет. Соның бірі – кибербуллинг мәселесі.

Кейде виртуалды ортада жазылған бір ауыз сөздің немесе орынсыз пікірдің адамның көңіл-күйіне, өзіне деген сеніміне әсер етуі мүмкін екенін ескере бермейміз. Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг үлкен назарды қажет етеді. Сондықтан интернетті қолдану мәдениетін қалыптастыру, баланы тыңдау және оған қолдау көрсету маңызды.

Кибербуллингтің алдын алу тек ескерту жасаумен шектелмейді. Ол – бір-біріне құрметпен қараудан, өзгелердің пікірін бағалаудан және желідегі әр әрекетімізге жауапкершілікпен қараудан басталады. Ауданда жастар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған шаралардың маңызы артып келеді.

Интернеттегі ізгілік пен сыйластық – шынайы өмірдегі қарым-қатынастың жалғасы. Әрбір қолданушы өз сөзінің салмағын сезінсе, онлайн кеңістік баршаға қауіпсіз әрі қолайлы ортаға айнала түседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT