Үйдегі жанжал – жабық мәселе емес

Отбасындағы түсініспеушілік кейде қарапайым пікір қайшылығынан басталғанымен, дау ушығып кетсе, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан тұрмыстық жанжалға немқұрайды қарамай, мәселені ушықтырмай шешуге ұмтылу – отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі үшін маңызды.

Құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөледі. Егер адам өзіне немесе жақынына қауіп төніп тұрғанын сезсе, полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуға құқылы. Қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгініп, қорғау шараларын сұрауға болады. 

Отбасындағы мәселені жасыру оны шешпейді. Керісінше, дер кезінде көмек сұрау жағдайдың әрі қарай күрделенуіне жол бермеуі мүмкін. Қиын жағдайда қалған азаматтар үшін 111 және 150 сенім желілері де жұмыс істейді. 

Заң мен тәртіп ең алдымен адамның қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға бағытталған.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT