Мемлекет басшысының Орталық Азия елдері арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға қатысты айтқан бастамалары өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие. Бүгінде Қазақстанның көршілес мемлекеттермен достық және бауырластық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған саясаты аймақтағы бейбітшілік пен экономикалық өсудің берік негізін қалыптастырып отыр.
Әсіресе, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара түсіністік пен сенімге негізделген байланыстардың нығаюы – екі елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азияның дамуына оң әсер етеді. Мемлекет басшыларының ашық диалогы мен бірлескен ұстанымы өңірдегі қауіпсіздік, сауда-экономикалық байланыс және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етуде.
Мемлекет басшысы атап өткендей, өңір елдерінің өзекті мәселелерді өзара келісім арқылы шешуге ұмтылуы Орталық Азияның халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, тұрақты дамуына жол ашады. Бұл – халықтардың әл-ауқатын жақсартуға және ортақ болашақты бірге қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
С.ЖАЙЛАШЕВ,
Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы


