Интернеттегі сөздің де салмағы бар

Қазір әлеуметтік желі мен түрлі онлайн платформалар күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Алайда интернеттегі еркіндік басқа адамды қорлауға, кемсітуге немесе әдейі психологиялық қысым көрсетуге жол береді деген сөз емес. Кибербуллингтің ерекшелігі – оның виртуалды ортада таралып, жәбірленушіге ұзақ уақыт бойы әсер етуі мүмкіндігінде.

Әсіресе балалар мен жасөспірімдер мұндай жағдайға жиі тап болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының интернеттегі ортасына назар аударып, баламен ашық сөйлесуі қажет. Ал жастар кез келген жазба мен пікірдің артында нақты адам тұрғанын ұмытпағаны жөн. Интернеттегі мәдениет те қоғамдағы қарым-қатынастың бір бөлігі. Біреуді ренжітпейтін, қауіпсіз әрі жауапты цифрлық орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT