Интернеттегі қауіпсіздікке бейжай қарама

Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілер күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық мүмкіндіктердің кеңеюімен бірге интернет алаяқтығы да жиілеп отыр. Әсіресе белгісіз нөмірлерден хабарласып, банк қызметкері ретінде таныстыратын немесе жалған сілтемелер жіберетін алаяқтар азаматтардың сенімін пайдаланады.

Мұндай жағдайларда ең бастысы – асығыс шешім қабылдамау. Банк картасының деректерін, SMS арқылы келген кодтарды және жеке мәліметтерді бөтен адамға бермеу керек. Күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексерген дұрыс. Сонымен қатар үлкен жастағы адамдарға және балаларға интернет қауіпсіздігі жөнінде түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі маңызды.

Заң мен тәртіпті сақтау тек құқық бұзушылықтың алдын алумен шектелмейді. Өз қауіпсіздігімізге жауапкершілікпен қарау да – құқықтық мәдениеттің бір көрінісі. Сондықтан әр азамат сақтық танытып, күмәнді жағдайға тап болған кезде тиісті органдарға хабарлауы қажет.

 

Г.Жолдасқали

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT