Қазір интернет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Телефон арқылы төлем жасау, онлайн сауда, түрлі қосымшаларды пайдалану уақытты үнемдейді. Бірақ осы мүмкіндіктермен бірге интернет алаяқтық та көбейіп отыр. Сондықтан цифрлық ортада сақтық таныту бұрынғыдан да маңызды.
Кей жағдайда алаяқтар банк қызметкері, полиция қызметкері немесе белгілі бір ұйымның өкілі ретінде хабарласып, адамды асықтырып, жеке мәліметтерін алуға тырысады. Осындай кезде ең дұрысы – абыржымай, ақпаратты қайта тексеру. Банк картасының құпия деректерін, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпау және күмәнді сілтемелерге кірмеу – қарапайым болғанымен, өте маңызды сақтық шаралары.
Меніңше, интернеттегі қауіптен қорғанудың ең тиімді жолы – сауаттылық пен сабырлылық. «Заң мен тәртіп» ұғымы интернет кеңістігінде де сақталуы тиіс. Әр адам өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараса, алаяқтардың алдауына түсетін азаматтардың саны да азаяды.
Г.СӘДУАҚАС


