Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, интернет-алаяқтық секілді қауіптердің де көбеюіне себеп болды. Қазіргі таңда алаяқтар түрлі тәсілдерді қолданып, азаматтардың жеке деректері мен қаржысын заңсыз иемденуге әрекет жасауда.
Көп жағдайда алаяқтар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе түрлі ұйым өкілі ретінде таныстырып, құпия мәліметтерді сұрайды. Кейде жалған хабарламалар мен сілтемелер жіберіп, азаматтарды алдап соғады. Сондықтан белгісіз адамдарға жеке мәліметтерді бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және ақпараттың шынайылығын тексеру өте маңызды.
Интернет қауіпсіздігі – әр адамның жеке жауапкершілігі. Ақпараттық сауаттылықты арттыру арқылы ғана алаяқтардың арбауына түсуден сақтануға болады. Қарапайым сақтық шараларын ұстану өз қаражатыңыз бен жеке деректеріңізді қорғауға көмектеседі. Сондықтан интернет кеңістігінде әрдайым қырағы болып, қауіпсіздік талаптарын сақтайық.

