Соңғы уақытта интернет арқылы жасалатын алаяқтық деректері жиілеп кетті. Бейтаныс адамдар өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтері мен банк картасының деректерін алдап алуға тырысады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін әр тұрғын сақтық шараларын қатаң сақтауы қажет.
«Заң мен тәртіп» қағидаты әркімнің өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауынан басталады. Күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз нөмірлерге жеке деректерді бермеу және күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеу – алаяқтардың құрбаны болмаудың ең тиімді жолы.
Заң талаптарын сақтап, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана өзімізді де, жақындарымызды да интернет алаяқтарынан қорғай аламыз. Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікке әр азаматтың бейжай қарамауы – ортақ міндет.


