Есірткі – адам денсаулығына, отбасы берекесіне және қоғамның қауіпсіздігіне зор қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. Оның зардабы тек бір адамның өмірімен шектелмей, тұтас қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу – баршамызға ортақ міндет.
Қазіргі таңда жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңызы артып келеді. Есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны, психологиялық және әлеуметтік салдары жөнінде тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу – оның таралуына тосқауыл қоюдың тиімді жолдарының бірі.
Осы орайда, ауданымыздың білім беру ұйымдарында, еңбек ұжымдарында және жастар арасында профилактикалық кездесулер, түсіндіру жұмыстары мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Әрбір азамат есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске бейжай қарамай, оның алдын алуға өз үлесін қосуы қажет. Ата-аналар балаларымен ашық әңгімелесіп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және дұрыс орта қалыптастыруға көңіл бөлгені жөн. Қоғам болып бірлесе әрекет еткенде ғана есірткісіз, қауіпсіз әрі жарқын болашақ қалыптастыра аламыз.
Есірткіден бас тарту – өз өміріңді, отбасыңды және болашағыңды таңдаумен тең. Салауатты өмір салтын ұстанып, заң талаптарын құрметтеу – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың берік негізі.


