Есірткі мәселесі – қоғам үшін аса қауіпті әлеуметтік дерттердің бірі. Ол адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасы мен қоршаған ортасына да зиян келтіреді. Сондықтан жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау ерекше маңызға ие.
Қазіргі таңда есірткінің зияны туралы ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жастар бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен шұғылданып, білім мен өнерге ұмтылған жағдайда зиянды әдеттерден аулақ болады. Әрбір жас өз болашағына жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасауы қажет.
Есірткісіз қоғам құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Денсаулықты сақтау, пайдалы іспен айналысу және өмірдің қадірін білу арқылы ғана жарқын болашаққа жол ашамыз.


