Есірткісіз болашақ – жарқын келешек кепілі

Есірткі мәселесі бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның зияны тек денсаулыққа ғана емес, адамның өміріне, отбасының тыныштығына және қоғамның қауіпсіздігіне де кері әсер етеді. Бір рет қызығушылықпен басталған әрекет кейін ауыр тәуелділікке алып келуі мүмкін.

Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Спортпен шұғылдану, білімге ұмтылу және пайдалы істермен айналысу жастарды зиянды әдеттерден қорғайды. Есірткінің зардабы туралы ақпараттандыру жұмыстары да қоғамда үлкен рөл атқарады.

Әрбір азамат есірткіге қарсы күресті ортақ міндет деп түсінуі қажет. Өйткені дені сау ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT