Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, болашағына және тұтас қоғамға қауіп төндіретін кесел. Оған тәуелділік бір сәттік қызығушылықтан басталып, адамның өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сондықтан есірткінің алдын алу – баршамызға ортақ міндет.
Ауданымызда жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл шаралардың маңызы ерекше, себебі жасөспірім дұрыс таңдау жасауға ерте үйренуі керек.
Ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлуі, баланың ортасын білуі және оның мәселесіне бейжай қарамауы да маңызды. Ал жастар бос уақытын спортқа, білімге, шығармашылыққа арнаса, зиянды әдеттерден аулақ болады.
Есірткісіз қоғам құру – бір мекеменің емес, бүкіл елдің мақсаты. Әр азаматтың саналы таңдауы – қауіпсіз болашақтың кепілі.


