Есірткі мәселесі қоғам үшін ең күрделі қауіптердің бірі болып қала береді. Ол адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасының берекесіне, қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналысуға жағдай жасау және зиянды әдеттердің зардаптарын түсіндіру маңызды. Әсіресе, жас ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру есірткінің таралуына қарсы күрестің тиімді жолдарының бірі саналады.
Болашақтың жарқын болуы – бүгінгі жастардың дұрыс таңдауына байланысты. Сондықтан есірткіден бас тартып, білім мен еңбекке ұмтылу – әр азаматтың өз өмірі мен келешегі алдындағы жауапкершілігі.


