Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, ортасына және болашағына үлкен қауіп төндіретін зиянды әдет. Сондықтан есірткінің таралуына жол бермеу – қоғам үшін маңызды міндет. Әсіресе жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет деп ойлаймын.
Кейде қызығушылықпен немесе достарының ықпалымен басталған әрекет адамның бүкіл өміріне кері әсер етуі мүмкін. Сол себепті әр жас өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек.
Заңсыз есірткі айналымына қатысы бар адамдар заң алдында жауап беретінін де ұмытпаған жөн. Отбасы мен мектепте салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру да жақсы нәтиже береді.
Есірткісіз қоғам құру үшін тек құқық қорғау органдары емес, әр азамат өз үлесін қосуы қажет. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі дұрыс таңдауымызға байланысты.
Г.Сәдуақас


