Есірткіге жол жоқ!

Есірткі – адамның денсаулығына, санасына және болашағына үлкен зиян келтіретін қауіпті зат. Ол тек бір адамның ғана емес, бүкіл отбасы мен қоғамның өміріне кері әсер етеді. Есірткіге тәуелділік қылмыс санының артуына, денсаулықтың нашарлауына және жастардың өмірлік мақсаттарынан айырылуына себеп болуы мүмкін.

Сондықтан қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау өте маңызды. Қазақстан Республикасының заңдары есірткіні заңсыз сақтау, пайдалану, тасымалдау және таратқаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырады. Заңды құрметтеу және тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті.

Біздің міндетіміз – салауатты өмір салтын таңдап, есірткіден аулақ болу, заңды құрметтеу және қауіпсіз қоғам құруға өз үлесімізді қосу. «Заң мен тәртіп» қағидаты сақталған жерде адамдардың өмірі қауіпсіз, ал жастардың болашағы жарқын болады.

 

Г.Жолдасқали

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT