Бүгінде есірткі мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды. Оның зияны бір адамның тағдырымен ғана шектелмей, отбасы мен қоғамға да әсер етеді. Әсіресе жасөспірімдер мен жастардың бұл жолға түспеуіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.
Менің ойымша, есірткінің алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – жастарға дұрыс орта қалыптастыру. Спортпен айналысуға, білім алуға, еңбек етуге және өз қабілетін дамытуға мүмкіндік көп болса, жастардың зиянды әдеттерге қызығушылығы да азаяды. Сонымен қатар ата-ана мен бала арасындағы сенімнің болғаны өте маңызды.
Болашақ ұрпағымыздың дені сау, саналы болғанын қаласақ, есірткіге қарсы күресті бүгіннен күшейтуіміз керек. Бұл мәселеде әрқайсымыздың жауапкершілігіміз бар.
Г.Сәдуақас


