Есірткіге қарсы күрес – жарқын болашаққа бастар жол

Кез келген ауданның болашағы – оның жастары. Сондықтан жастардың саналы, білімді әрі салауатты өмір салтын ұстануы қоғам үшін аса маңызды. Өкінішке қарай, есірткі мәселесі бүгінгі күні тек ірі қалаларға ғана емес, ауыл-аймақтарға да қауіп төндіретін өзекті мәселеге айналып отыр.

Ауданымызда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау – есірткінің алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары мен құқықтық тәрбиені күшейту де үлкен рөл атқарады. Өйткені әрбір жас есірткінің бір сәттік қызығушылық емес, бүкіл өмірді құрдымға жіберетін қатер екенін түсінуі қажет.

Мемлекет ұстанған «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы қауіпсіздік пен әділеттілікті нығайтуға бағытталған. Есірткіні сақтау, тарату және пайдалануға қатысты заң талаптарын қатаң сақтау – әр азаматтың міндеті. Заңды құрметтеген ортада жастар да дұрыс бағыт таңдап, өз болашағына жауапкершілікпен қарайды.

Есірткісіз өмір – дені сау ұрпақтың, қауіпсіз ауданның және берік қоғамның кепілі. Сондықтан бұл мәселеге тек құқық қорғау органдары ғана емес, ата-аналар, ұстаздар, жастар және бүкіл қоғам болып бірлесіп қарсы тұруымыз қажет. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі таңдауымызға байланысты.

 

Е.Өтепқалиев, 

Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT