Есірткі – адам өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіретін әлеуметтік дерт. Ол адамның болашағына балта шауып қана қоймай, отбасы мен қоғамға да ауыр зардап әкеледі. Сондықтан есірткіге қарсы күрес – баршаға ортақ міндет.
Бүгінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Әр азамат есірткінің зиянын түсініп, оған қарсы көзқарас қалыптастыруы қажет.
Дені сау ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Сондықтан есірткіден алыс болып, пайдалы істерге ұмтылу әр адамның саналы таңдауы болуы тиіс.


