Есірткіден аулақ болу – жарқын болашаққа бастар жол

Есірткі – адамның денсаулығына, отбасына және қоғамға үлкен зиян келтіретін қауіпті мәселе. Әсіресе жастарды есірткінің зияны туралы ақпараттандыру және оның алдын алу – маңызды міндеттердің бірі.

Жасөспірімдер кейде қызығушылықпен немесе құрбы-құрдастарының ықпалымен қауіпті әрекеттерге баруы мүмкін. Сондықтан әр жас өз таңдауының салдарын түсініп, күмәнді ұсыныстардан бас тарта білуі қажет. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, пайдалы орта қалыптастыру – зиянды әдеттерден аулақ болудың тиімді жолдары.

Есірткінің таралуына қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Бұл бағытта ата-ана, мектеп, жастар ұйымдары және бүкіл қоғам бірлесіп әрекет етуі қажет. Жастарға дер кезінде дұрыс бағыт-бағдар берудің маңызы зор.

Өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қараған адам есірткіге орын бермейді. Салауатты ұрпақ – мықты мемлекеттің негізі.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT