Қазіргі қоғамда жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мәселелер аз емес. Солардың ішіндегі ең қауіптісі – есірткіге тәуелділік. Бір рет қызығушылықпен басталған әрекет адамның бүкіл өмірін өзгертіп, оның армандары мен мақсаттарын жоққа шығаруы мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды.
Есірткі адамның денсаулығын ғана емес, оның мінезін, отбасымен қарым-қатынасын және қоғамдағы орнын бұзады. Есірткіге тәуелді болған адам түрлі құқық бұзушылықтарға баруы мүмкін. Сол себепті мемлекет заңсыз есірткі айналымымен күресіп, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуде. Бірақ заңмен қатар әр адамның өз таңдауы да маңызды. Бос уақытты пайдалы өткізу, спортпен айналысу және білімге ұмтылу – мұндай қауіптен сақтанудың ең тиімді жолы.
Менің ойымша, әрбір жас өз өмірінің құндылығын түсініп, зиянды әдеттерден алыс болуы керек. Сонда ғана дені сау, қауіпсіз әрі заңды құрметтейтін қоғам қалыптасады.
Г.СӘДУАҚАС


