Қазіргі таңда есірткі мәселесі қоғамның тұрақтылығы мен жас ұрпақтың болашағына кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе интернет арқылы есірткі заттарын тарату мен оны жасырын түрде насихаттау қауіптің жаңа түрлерін қалыптастыруда. Сондықтан бұл бағыттағы алдын алу жұмыстарының маңызы өте зор.
Есірткінің зияны тек оны қолданатын адамның денсаулығына ғана әсер етпейді. Оның салдары отбасыға, жақындарына және жалпы қоғамға тиеді. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуі, спортпен және пайдалы іспен айналысуы, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың болуы – теріс әдеттердің алдын алудың маңызды жолдары. Сонымен қатар есірткіге қатысты заң талаптарын түсіндіру және жастардың құқықтық сауатын арттыру қажет.
Есірткімен күрес – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл іске ата-ана, ұстаз, қоғам және әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс. Жастарымызды зиянды әдеттен қорғау арқылы біз елдің қауіпсіз әрі жарқын болашағына жол ашамыз.


