Экологиялық мәдениет – болашақ кепілі

«Таза Қазақстан» акциясының негізгі маңызы – қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруында. Табиғат – баршаға ортақ құндылық. Сондықтан оны қорғау тек белгілі бір мекеменің немесе қызметкерлердің міндеті емес, әр азаматтың жауапкершілігі болуы қажет. Қоқысты арнайы орынға тастау, суды ысырап етпеу, ағаштар мен жасыл желектерді қорғау сияқты қарапайым әрекеттер табиғатты сақтауға үлкен үлес қосады. Әсіресе өскелең ұрпаққа қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйретудің маңызы зор. Бүгінгі жасалған әрбір игі іс ертеңгі күнге әсер етеді. Меніңше, «Таза Қазақстан» бастамасы адамдарды бірлікке шақырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілікті нақты іспен көрсетуге мүмкіндік беретін жақсы үрдіске айналып келеді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT