Донорлық – өмірге үміт сыйлайтын игі қадам

Қан донорлығы – адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін ең ізгі әрі жауапты әрекеттердің бірі. Бүгінде елімізде ерікті донорлық қозғалысты дамытуға ерекше көңіл бөлініп, азаматтарды қан тапсыруға тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл қоғамдағы жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетеді.

«Донор болыңыз және үміт сыйлаңыз» атты республикалық науқан аясында мыңдаған қазақстандықтың қан тапсыруға ниет білдіруі – қайырымдылық мәдениетінің қалыптасып келе жатқанының дәлелі. Донорлардың арқасында ауыр науқастарға, ота жасалатын пациенттерге және шұғыл көмекке мұқтаж жандарға қажетті қан қоры үздіксіз қамтамасыз етілуде.

Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан донорлық қозғалысты қолдау, ерікті қан тапсырудың маңызын түсіндіру және оған жастарды кеңінен тарту – ортақ міндет. Бір адамның жасаған игі ісі басқа бір жанға өмір сыйлап, үміт отын жағуы мүмкін. Донорлық – мейірімділік пен адамгершіліктің жарқын көрінісі.

 

Гүлдана СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT