Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының басты негізі. Заң бәріне бірдей қызмет еткенде ғана қоғамда әділдік орнайды. Ал тәртіп – сол заңның күнделікті өмірде орындалуының көрінісі.
Қазіргі таңда әр азамат өз құқығын ғана емес, өз міндетін де түсінуі маңызды. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орындардағы мәдениеттілік, өзгенің құқығына құрметпен қарау – мұның бәрі заң мен тәртіпке деген жауапкершілікті көрсетеді. Заңды құрметтеген адам өз қауіпсіздігін де, айналасындағы адамдардың тыныштығын да қорғайды.
Менің ойымша, заңнан қорыққандықтан емес, оны сыйлағандықтан орындау керек. Сонда ғана қоғамда сенім артып, әділдік салтанат құрады. Әркім өзінен бастап тәртіпке мән берсе, еліміз қауіпсіз, мәдениетті әрі дамыған мемлекетке айнала түседі.
Г.СӘДУАҚАС


