Әділ қоғамды тек мемлекеттік органдар немесе заң шығарушылар қалыптастырмайды. Оның негізін күнделікті өмірдегі адамдардың әрекеті қалайды. Біреудің еңбегін бағалау, өзгенің құқығын құрметтеу, өтірікке жол бермеу, өз міндетіңді адал орындау – әділдіктің қарапайым көріністері.
Заң мен тәртіптің мәні де осында. Заң адамдарды шектеу үшін ғана емес, қоғамдағы әр адамның қауіпсіздігі мен құқығын қорғау үшін қажет. Егер азамат өзіне берілген құқықты пайдаланып қана қоймай, міндетін де орындаса, қоғамдық тәртіп нығая түседі.
Әділдік үлкен ұрандардан емес, қарапайым таңдаулардан басталады. Мысалы, кезекке таласпау, қоғамдық мүлікке зиян келтірмеу, біреудің затын рұқсатсыз алмау сияқты әрекеттердің өзі адамның мәдениетін көрсетеді.
Заңға құрмет – мемлекетті құрметтеу ғана емес, өзің өмір сүріп отырған қоғамға деген жауапкершілік. Әр азамат осыны түсінгенде ғана әділ әрі тәртіпті орта қалыптасады.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ



