Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін маңызды мәселелердің бірі. Ол мемлекеттік қызметтің ашықтығына, азаматтардың заңға деген сеніміне және әділдік қағидатына нұқсан келтіреді. Сондықтан жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың жұмысы емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті деп есептеймін.
Бұл бағытта ең алдымен заң талаптарын сақтау және өз құқықтарыңды білу маңызды. Қандай да бір мәселені пара беру немесе таныстық арқылы шешуді қалыпты жағдай ретінде қабылдамауымыз керек. Әр азамат әділетсіз әрекетке жол бермей, заңсыз ұсыныстардан бас тартып, қажетті жағдайда тиісті органдарға хабарлауы қажет.
Жемқорлыққа қарсы мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол отбасындағы тәрбиеден, мектептегі білімнен, жұмыс орнындағы жауапкершіліктен басталады. Заң бәріне бірдей жұмыс істейтін, әділдік пен адалдық бағаланатын қоғам құру үшін әрқайсымыз өз орнымызда заңға құрметпен қарауымыз керек.
Г.Сәдуақас


