Қоғамның тазалығы – оның мәдениеті мен бірлігінің көрінісі. «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің әр өңіріндегі адамдарды ортақ мақсатқа біріктіріп, туған өлкені таза ұстауға мүмкіндік беріп отыр.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына көптеген тұрғындар атсалысуда. Олар көшелерді тазалап, аулаларды ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарына көмектесуде. Бір адамның жасаған еңбегі шағын болып көрінуі мүмкін, алайда көпшілік бірігіп әрекет етсе, үлкен өзгеріс жасауға болады.
Осындай шаралар адамдарды еңбекке, ұйымшылдыққа және табиғатты қорғауға тәрбиелейді. Сонымен қатар балалар мен жастар тазалықтың маңызын түсініп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды үйренеді.
Тазалық – баршаға ортақ міндет. Ауданымыздың көркейіп, таза әрі жайлы болуы әр тұрғынның белсенділігіне байланысты. Бірігіп еңбек етсек, «Таза Қазақстан» мақсатын жүзеге асырып, келешек ұрпаққа таза да әдемі мекен қалдыра аламыз.
Г.Сәдуақасова


