«Таза Қазақстан» бастамасы аудан тұрғындарының табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, игі істердің көбеюіне жол ашып отыр. Соның бірі – елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары.
Көктемгі және күзгі маусымда тұрғындар көшелер мен аулаларға көшет отырғызып, жасыл желектің санын арттыруға атсалысуда. Әр отырғызылған тал – болашаққа қалдырылған аманат. Бүгінгі кішкентай көшет бірнеше жылдан кейін ауылдың ажарын ашып, тұрғындарға сая болады.
Бұл іске әсіресе жастардың белсенді араласуы көңіл қуантады. Олар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп қана қоймай, нақты іспен үлгі көрсетуде.
Туған жерді көркейту үлкен істен басталмайды. Кейде бір тал егу, бір гүл отырғызу, бір аумақты күтіп ұстаудың өзі елге деген сүйіспеншіліктің белгісі. Табиғатты аяласақ, туған жер де түлей түседі.
Г.СӘДУАҚАС


