Бір сәттік сенім – үлкен шығынға әкелмесін

Қазір интернет күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда технологияның мүмкіндігі артқан сайын алаяқтардың қолданатын тәсілдері де көбейіп келеді. Телефон арқылы хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстыру, жалған сілтеме жіберу немесе тиімді ұсыныс жасау арқылы азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізу жағдайлары кездеседі.

Мұндай кезде асығыс шешім қабылдамау маңызды. Банк картасының нөмірі, құпия сөз, SMS арқылы келген код сияқты мәліметтерді бөгде адамға айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелерді ашпай, ақпаратты ресми арналар арқылы тексерген жөн.

Құқықтық тәртіп тек көшедегі қауіпсіздікпен шектелмейді. Бүгінде цифрлық ортадағы сауаттылық та азаматтық жауапкершіліктің бір бөлігі. Сақтық таныту – қорқыныш емес, өз мүлкің мен құқығыңды қорғаудың қарапайым жолы.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT