Қазіргі таңда интернет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оның мүмкіндіктерімен бірге түрлі қауіп-қатерлер де көбейіп келеді. Әсіресе алаяқтар азаматтарды алдап, банк картасы мен жеке мәліметтерін иемденудің жаңа тәсілдерін қолдануда.
«Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау тек қоғамдық орындардағы тәртіппен шектелмейді. Ол интернет кеңістігінде де қауіпсіздік ережелерін ұстануды талап етеді. Бейтаныс адамдардың қоңырауы мен күмәнді хабарламаларына сақтықпен қарап, банк картасының деректерін, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеу қажет.
Күмәнді сілтемелерге өтпей, белгісіз қосымшаларды жүктемеу де маңызды. Әр азамат өзінің цифрлық қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараса, интернет алаяқтығының алдын алуға мүмкіндік мол.



