Бейбіт отбасы – берекелі қоғам

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Сондықтан отбасындағы татулық пен өзара сыйластықтың сақталуы қоғамның тұрақтылығы үшін де маңызды. Өкінішке қарай, тұрмыстық жанжал салдарынан отбасыларда түсініспеушілік туындап, кей жағдайда оның соңы құқық бұзушылыққа немесе күш қолдануға дейін жетіп жатады.

Тұрмыстық жанжалдың алдын алу үшін ең алдымен отбасы мүшелері бір-бірін тыңдап, кез келген мәселені сабырмен шешуге тырысуы қажет. Ашуға беріліп, дауыс көтеру немесе күш қолдану мәселені шешпейді, керісінше жағдайды ушықтырады. Сондықтан жанжал туындаған кезде эмоцияға берілмей, ортақ келісімге келудің жолын іздеген дұрыс. Қажет болған жағдайда учаскелік полиция қызметкерінің, психологтың немесе басқа да мамандардың көмегіне жүгінуге болады. Әсіресе отбасындағы жанжалға балалардың куә болуы олардың психологиялық жағдайына кері әсер ететінін ескеруіміз керек.

Қорытындылай келе, тұрмыстық жанжалдың алдын алу әр отбасының өзінен басталады. Отбасында сыйластық, түсіністік және жауапкершілік болса, көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады. Әр азамат отбасының тыныштығы мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапты екенін түсінуі қажет. Тату отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT