Ауылға кірген сәтте ең алдымен көзге түсетіні – оның тазалығы мен жинақылығы. Қарапайым ғана реттелген көше, күтімді жасыл желек, таза қоғамдық орын елді мекеннің жалпы келбетіне бірден әсер етеді. Мұндай өзгеріс бір күнде пайда болмайды. Оның артында жоспарлы жұмыс пен тұрақты күтім бар.
«Таза Қазақстан» бастамасы осы бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін беріп, елді мекендерді абаттандыруға деген назарды күшейте түсті. Аудан аумағында көшелерді тазалау ғана емес, қоршаған ортаны көркейту, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіру, жасыл желекті сақтау бағытындағы жұмыстар да жүргізілуде.
Бүгінде ауылдың ажарын ашатын орындарға ерекше мән берудің маңызы зор. Себебі адамдардың күнделікті жүріп-тұратын көшесі мен тынығатын қоғамдық орындары қаншалықты жинақы болса, елді мекен де соншалықты жайлы көрінеді.
Г.СӘДУАҚАС


