Ауыл көшесімен жүргенде жинақылық пен тазалық бірден көзге түседі. Түзу жатқан жол, реттелген аула, таза қоғамдық орын – елді мекеннің бүгінгі келбетіне әсер ететін маңызды дүниелер. Сондықтан абаттандыру жұмыстары аудан өміріндегі тұрақты бағыттардың біріне айналып отыр.
«Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстар кезінде әр ауылда нақты міндеттер атқарылып, қоршаған ортаны ретке келтіруге басымдық берілуде. Бір жерде көше тазаланса, енді бір жерде арамшөп шабылып, қоғамдық орындар қалыпқа келтіріледі. Мұның барлығы елді мекеннің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырады.
Алайда абаттанған ортаны сақтау одан да маңызды. Жасалған жұмыстың нәтижесін ұзақ уақыт ұстау үшін тазалыққа барша тұрғын ұқыпты қарауы қажет. Өйткені ауылдың ажары – ортақ еңбектің жемісі.


