Заң мен тәртіп – қоғамдағы тұрақтылықтың негізгі кепілі. Аудандағы әрбір тұрғын қоғамдық тәртіпті сақтап, өз құқығы мен міндетін білуі қажет.
Көшеде, мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әсіресе жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау маңызды. Спорттық үйірмелерге қатысу, мәдени шараларға араласу және білімге ұмтылу жасөспірімдерді құқық бұзушылықтан аулақ болуға көмектеседі. Сонымен қатар ата-ана мен мектептің бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы да үлкен рөл атқарады.
Тәртіп тек полицияның немесе мемлекеттік қызметкерлердің міндеті емес. Әр азамат заң талаптарын орындап, айналасына құрметпен қараса, ауданымыздың қауіпсіздігі де арта түседі. Сондықтан заңды құрметтеу – әр адамның азаматтық борышы.
Г.СӘДУАҚАСОВА



