Аудан тазалығы – ортақ жауапкершілік

Туған жердің тазалығы – әрбір адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. «Таза Қазақстан» бастамасы еліміздің барлық өңірінде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Біздің ауданымызда бұл жоба аясында көптеген игі істер жүзеге асырылып келеді. Көшелерді тазалау, гүлзарларды күтіп-баптау, ағаш отырғызу және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары ауданның көркін арттырады.

Осындай жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы өте маңызды. Егер әр адам қоқысты белгіленген орынға тастап, табиғатты ластамауға тырысса, ауданымыз әрдайым таза әрі көрікті болады. Мектептерде өткізілетін экологиялық іс-шаралар мен сенбіліктер жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелейді.

Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын барлығымыз қолдауымыз керек. Бірігіп еңбек еткенде ғана ауданымыздың тазалығы сақталып, келер ұрпаққа көркейген, жасыл әрі таза мекен қалдыра аламыз.

 

Г.Жолдасқали

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT