«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға және туған жердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама. Аудан тұрғындары да бұл игі іске белсенді атсалысып, көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлестерін қосып келеді.
Тазалық жұмыстары барысында көшелердің бойы қоқыстан тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтіріліп, ағаштар мен гүлдерге күтім жасалуда. Сенбіліктерге мекеме қызметкерлері, жастар және ауыл тұрғындары қатысып, ортақ іске жұмыла кірісуде. Мұндай жұмыстар ауданның көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады.
Таза әрі көрікті аудан – баршаға ортақ мақсат. Сондықтан тазалықты тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмірде де сақтауымыз қажет. Табиғатты аялау – туған жерге деген құрметтің белгісі.
Г.СӘДУАҚАСОВА


