Аудан тазалығы – ел мәдениетінің көрінісі

«Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысып жүргені жақсы үрдіс деп санаймын. Тазалық жұмыстарына бірге атсалысу адамдарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретеді. Бұл әсіресе жастарға үлгі болатын маңызды бастама.

Бірақ акция аяқталғаннан кейін де тазалықты сақтап қалу өз қолымызда. Қоқысты белгіленген орынға тастау, ауланы ластамау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау сияқты қарапайым әрекеттер үлкен мәдениетті қалыптастырады.

Сондықтан «Таза Қазақстанды» тек тазалық акциясы емес, өмір салтына айналатын ортақ құндылық деп қабылдауымыз керек. Ауданның таза әрі көрікті болуы – биліктің ғана емес, әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT