Елді мекеннің көркі алыстан емес, әрбір көшесі мен ауласынан байқалады. Таза әрі жинақы орта тұрғындарға да ерекше көңіл күй сыйлайды. Осы ретте «Таза Қазақстан» аясында ұйымдастырылып жатқан жұмыстардың маңызы зор.
Аудан көлеміндегі тазалық шаралары барысында көшелер тазаланып, аулалар ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстарына көңіл бөлінуде. Мұндай бастамалар тұрғындарды да бейжай қалдырмайды. Бір аулада тазалық жұмысы жүргізілсе, көрші аула да соған ілесіп, өз аумағын ретке келтіруге талпынады. Осылайша бір адамның ісі өзгеге үлгі болып, жақсы бастама кеңінен жалғасады.
Таза аудан құру үшін үлкен өзгерісті күтудің қажеті жоқ. Әркім өз ауласына, өз көшесіне жауапкершілікпен қараса жеткілікті. Кішкентай еңбектердің бірігуінен үлкен нәтиже шығады. Сондықтан тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет.
Г.СӘДУАҚАСОВА


