«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымызда тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жандана түскенін байқап жүрміз. Әсіресе аулалар мен көшелердің тазаланып, қоқыстардың уақытылы шығарылуы тұрғындарға жақсы әсер беруде. Бұл жұмыстардың нәтижесінде айналамыздың көркі жақсарып, адамдардың тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түскендей.
Меніңше, мұндай бастаманың маңызы тек бір күндік сенбілік өткізумен шектелмеуі керек. Әр тұрғын өз ауласының тазалығына атсалысып, ортақ іске жауапкершілікпен қараса, ауданымыз одан әрі көркейе түседі.
Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын қолдаймын. Тазалықты сақтау – тек тазалық қызметкерлерінің емес, барша тұрғынның ортақ міндеті. Ауданымыздың таза әрі жайлы болуы өзіміздің күнделікті әрекетімізден басталады.
Г.СӘДУАҚАСОВА


