Тұрмыстық жанжал көбіне қарапайым келіспеушіліктен басталады. Алайда ашуға ерік беріп, бір-бірін тыңдамау жағдайды ушықтырып, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан отбасындағы әр мәселені сабырмен шешудің маңызы зор.
Үйдегі ұрыс-керіс тек ересектерге ғана әсер етпейді. Мұндай ортада өскен бала да психологиялық тұрғыдан зардап шегіп, қорқыныш пен сенімсіздік сезімін бастан өткеруі мүмкін. Сол себепті отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік – қоғам тыныштығының негізі.
Қандай жағдай болса да, күш қолдану мәселені шешудің жолы емес. Керісінше, заң талаптарын сақтап, қажет жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну керек.
Отбасындағы тыныштық – өздігінен қалыптаспайды. Ол әр адамның сабырынан, жауапкершілігінен және жақындарына деген құрметінен басталады.
Г.Сәдуақасова



