Алаяқтықтан сақтану – өзіңді және жақыныңды қорғау

Қазіргі таңда интернет алаяқтық қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың күнделікті өмірін жеңілдеткенімен, оны өз пайдасына пайдаланатын алаяқтар да көбейіп келеді. Сондықтан әр азаматтың интернеттегі қауіпсіздік ережелерін білуі өте маңызды.

Алаяқтар көбіне банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе басқа да мекеме өкілі ретінде хабарласып, азаматтарды алдауға тырысады. Олар жеке мәліметтерді, банк картасының нөмірін, SMS арқылы келген кодты сұрауы немесе жалған сілтемеге өтуді талап етуі мүмкін. Осындай жағдайда асығыс шешім қабылдамай, ақпаратты мұқият тексеру қажет. Ешкімге банк картасының құпия деректерін және SMS-кодтарды беруге болмайды. Сонымен қатар күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбей, қажет болған жағдайда тиісті мекемелерге хабарласқан дұрыс.

Қорытындылай келе, интернет алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы – сақтық пен ақпараттық сауаттылық. Әрбір азамат өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, жақындарын да алаяқтардың жаңа тәсілдері туралы ескертіп отырғаны жөн. Интернет қауіпсіздігіне бейжай қарамау – өз қаражатыңды және жеке деректеріңді қорғаудың басты кепілі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT