Қазіргі уақытта алаяқтықтың түрлері көбейіп келеді. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау ғана емес, өз құқығыңды білу де әр азамат үшін маңызды деп ойлаймын.
Әсіресе телефон арқылы қоңырау шалып, банк қызметкері ретінде таныстыратын немесе әлеуметтік желі арқылы түрлі ұсыныстар жасайтын алаяқтардан сақ болған жөн. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін бермеу керек. Осындай мәселелер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
Меніңше, құқықтық сауатты адам алаяқтардың арбауына оңай түспейді. Заңды білу, сақтық таныту және күмәнді жағдайды тиісті орындарға хабарлау – заң мен тәртіпті нығайтудың бір жолы.
Г.СӘДУАҚАС


